БАӘ дирхамы САТЫП АЛУ: 127.5 / САТУ: 137.5 / ҰЛТТЫҚ БАНК БАҒАМЫ: 134.83

БАӘ Дирхамы 1973 жылы енгізілді. Ол  Катар мен Дубай риялын 1:1 қатынасында алмастырды. Риял БАӘ-нің барлық Әмірліктерінде 1966 жылдан бері қолданылып келеді,тек Абу-Дабиден басқа, бұл жерде дирхам Бахрейн динарын 1 дирхам = 0,1 динармен алмастырды.

1959 жылдан 1966 жылдың маусымына дейін Парсы шығанағының рупиясы пайдаланылды, оны Үндістанның Резервтік банкі бұрын қолданылған Үнді рупиясының орнына шығарды. Сонымен қатар, ел аумағында 1966-1968 жылдары Сауд Арабиясының риялы жүріп отырған.

Дирхам бағамы 1 доллар = 3,6725 Дирхам қатынасында АҚШ долларына байланысты

Банкноталардың номиналы 5,10,20,50,100,200,500,1000-дирхам

Алдыңғы жағында мәтіндер шығыс араб цифрларымен араб тілінде, ал артқы жағында араб цифрларымен ағылшын тілінде жазылған.